Кәсіби бокс

Мейірім Нұрсұлтановтың титулды айқасқа қашан шығатыны айтылды

Мейірім Нұрсұлтановтың титулды айқасқа қашан шығатыны айтылды
Main Events

Америкалық журналист Джек Маккаферри орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (20-0, 11 КО) келесі жекпе-жекке қашан шығатынын айтты.

Осыған дейін Мейірім келесі айқасын WBC ұйымынң "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамеске (23-1, 18 КО) қарсы өткізетіні айтылған еді.

"WBC орта салмақта бүртүрлі түсініксіз әрекеттер істейтінін білемін. Алайда чемпионға жекпе-жек анықтайтын үзіліс аяқталды. Меніңше, Нұрсұлтанов қарсылас ретінде өте жақсы. Ол WBC конвенциясында жұдырықтасып, бірінші нөмір атану құқына лайық. Енді "уақытша чемпионды" мықты қарсыласпен сынайтын уақыт келді. Егер Карлос Адамес оны жеңе алса, Чарломен жекпе-жекке шығады. Жеңілсе, Мейірімнің жолы ашылады. Боксшылардың командалары мұны біліп те отырған шығар. Бұл жекпе-жек көктемде болады деп отырмын. Сәуірдің соңы, не мамырдың басында", - дейді Маккаферри.

Басқа спорттық жаңалықтар