Конькимен жүгіру

Қазақстандық Щиголев Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық Щиголев Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды
ҚР ҰОК

Виталий Щиголев конькимен жүгіруден Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының спортшысы ерлер арасындағы масс-старт сайысында топ жарды. Щиголевтің мәреге жеткен уақыты – 8:22.05. Екінші орынды канадалық Дэвид Да Ру (8:22.12) иеленсе, үздік үштікті тағы бір канадалық спортшы Хэйден Майер (8:22.77) толықтырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл чемпионатта тағы бір күміс пен қола жүлдені қоржынға салды. Надежда Морозова 1000 метр қашықтықта екінші орын алса, әйелдер командасы командалық жарыста үшінші орынға табан тіреді.

Басқа спорттық жаңалықтар