Кәсіби бокс

Хамза Шираз Әлімханұлын жеңіп кете алатыны айтылды

Хамза Шираз Әлімханұлын жеңіп кете алатыны айтылды
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Британиялық бокс сарапшысы Гарет Дэйвис орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) Хамза Ширазбен (19-0, 15 КО) жекпе-жекте үлкен қиындықтарға ұшырайтынын айтады. Ол британиялық боксшының деңгейі Жәнібектің бұрынғы қарсыластарынан әлдеқайда өзге екенін баян етті.

"Ол басқа деңгейдегі қарсылас. Әлімханұлы жасы келген ардагерлермен де, жас бірақ, тәжірибесіз боксшылармен де жұдырықтасты. Ал бұл жолы бәрі басқаша болады. Хамза нокаутшы. Ол мықты боксшы және кез келген қарсыласқа қиындық тудырады. Олардың жекпе-жегі дүр сілкіндірер айқас боларына сенімдімін. Қазақстандықтың басымдығы бар көрінеді, дегенмен бұл жолы бір жақты сабау болмайды. Бұл дәрежесі тең қарсылас, тіпті Жәнібектің титулдарын алып та қоюы мүмкін", - дейді Дейвис.

Басқа спорттық жаңалықтар