Футбол

Афиныда Қазақстанмен матчте ине шаншар орын болмайтын көрінеді

Афиныда Қазақстанмен матчте ине шаншар орын болмайтын көрінеді
epo.gr

Футболдан Грекия құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф кезеңіндегі Қазақстанмен ойында жанкүйерлер тарапынан үлкен демеу көретін болды.

Грекиялық БАҚ мәліметінше, бұл матчте стадионда бос орын болмайды. "Айя-София" стадионында өтетін ойынға 30 000 аса билет сатылыпты. Ал бұл стадионның жалпы сыйымдылығы 32 500 орын екен. Матчке дейін қалған билеттер де сатылып кетері сөзсіз, яғни, жанкүйерлер Грекия командасына үлкен қолдау болады.

Грекия - Қазақстан ойыны 22 наурызға қараған түні Афиныда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар