Футбол

Криштиану Роналду тағы бір рекордқа жетті

Криштиану Роналду тағы бір рекордқа жетті
facebook.com/PORTUGAL

Футболдан Ұлттар лигасында Португалия құрамасы Польшаны 5:1 есебімен ұтты. Ойында Роналду дубль жасап, ғаламат голымен жанкүйерлерін қуантты.

39 жастағы шабуылшы бірінші голын пенальтиден сәтті орындап шықса, екінші голын матч аяқталар тұста қайшылай теуіп, қарсылас қақпасында тулатты. Осылайша, мансабында соққан голдар санын 910-ға жеткізді.

Роналду гол соғып қана қоймай, футбол тарихында құрама сапында ең көп жеңіске жеткен ойыншы атанып, испаниялық Серхио Рамостың жетістігінен асып түсті.

1️⃣ Криштиану Роналду - 132 жеңіс

2️⃣ Серхио Рамос - 131

3️⃣ Икер Касильяс - 121

4️⃣ Лионель Месси - 119

5️⃣ Андрес Гуардадо - 103

6️⃣ Ян Вертонген - 101

7️⃣ Хави - 100.

Басқа спорттық жаңалықтар