Футбол

Маңызды Матч! Бүгін Қазақстан құрамасы Грекияға ұшады

Маңызды Матч! Бүгін Қазақстан құрамасы Грекияға ұшады
ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншылары Араб Әмірліктеріндегі оқу-жаттығу жиынына толықтай жтиналып, бүгін Грекияға аттанады.

Қазақстан командасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Грекиямен маңызды матч өткізеді. Оқу-жаттығу жиынына соңғы болып Ресейдің «Зенит» командасының қорғаушысы Нұралы Әліп қосылды. Қорғаушы 2018 жылдан бері ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 30 кездесуге қатысты. Оқу-жаттығу жиынына Бактиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов те қосылды.

БАӘ дегі жиын кезінде Қазақстанның ұлттық командасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Грекия - Қазақстан ойыны 22 наурызға қараған түні Афиныда өтеді.





Басқа спорттық жаңалықтар