Теннис

Александр Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын орнатты

Александр Бублик әлемдік рейтингте жеке рекордын орнатты
KTF

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 20-дан 18-орынға көтеріліп, өзінің жеке рекордын орнатты.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 51-ден 58-ге Денис Евсеев 180-нен 184-ке сырғыды. Михаил Кукушкин 140-тан 139-ға жоғарыласа, Бейбіт Жұқаев 191-сатыда қалды. Кеше Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанған Дмитрий Попко 276-дан бірден 250-ге шықты.

Жұптық сында  Александр Недовесов 45-тен 46-ға төмендесе, Андрей Голубевтің (71) орны өзгерген жоқ. 

Басқа спорттық жаңалықтар