Футбол

Саудиялық клуб Неймармен келісімшартты үзу жолдарын қарастырып жатыр

Саудиялық клуб Неймармен келісімшартты үзу жолдарын қарастырып жатыр
instagram.com/neymarjr

Саудиялық "Әл-Хиләл" бразилиялық шабуылшы Неймармен келісімшартты үзуі мүмкін.


Неймар 17 қазанда өткен 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Бразилия мен Уругвай арасындағы матчте тізе жарақатын алған еді. Футболшыны алаңнан зембілмен алып кеткен болатын, ал жақында оған операция жасалды. 


Енді форвард алаңға тек 10 айдан кейін орала алады. AS басылымының мәліметінше, саудиялық клуб бразилиялық ойыншымен келісімшартты үзу жолдарын қарастырып жатыр. 

Басқа спорттық жаңалықтар