Теннис

15 жастағы Заңғар Хорватиядағы турнирдің финалына дейін жеткен

15 жастағы Заңғар Хорватиядағы турнирдің финалына дейін жеткен
ҚТФ

Хорватияның Врсар қаласында ITF Juniors J300 сериясы бойынша жасөспірімдер арасында дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бұл жарыста қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чехиялық Мартин Дошкошилмен бірге жұптық сында табысты өнер көрсетті. Қазақстандық-чехиялық дуэт финалға дейін жетті. Алайда финалда хорватиялық Максимович және сербиялық Маркорина жұбынан ұтылып қалды - 2:6, 3:6.

Басқа спорттық жаңалықтар