Бокс

Қазақстан құрамасы Сербиядағы бокс турнирінде жалпыкомандалық есепте бірінші болды

Қазақстан құрамасы Сербиядағы бокс турнирінде жалпыкомандалық есепте бірінші болды
Instagram/tashkenbay_sanzhar

Сербия астанасы Белградта өткен Бранко Пешичті еске аулға арналған бокстан халықаралық турнирі аяқталды.

Бұл жарыста қазақстандық боксшылар 4 алтын және төрт күміс жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Финалға дейін сегіз қазақстандық боксшы жетіп: төртеуі қарсыластарын жеңді де, төртеуі жеңілді.

Алтын алғандар: Ернұр Қайрат (48 кг);

Санжар Тәшкенбай (51 кг);

Дәулет Молдашев (54 кг);

Диас Молжігітов (75 кг).

Күміс жүлдегер атанғандар:

Сабыржан Аққалықов (71 кг);

Ерасыл Жәкпеков (80 кг);

Данияр Рахымбердинов (92 кг);

Олжас Боқаев (92 келіден аса).

Финалдағы айқастар мынадай болды:

Ернұр Қайрат - Ради Йоксимович (Сербия) - 5:0;

Санжар Тәшкенбай - Омер Аметович (Сербия) - 5:0;

Дәулет Молдашев - Вербан Габор (Венгрия) - 3:2;

Сабыржан Аққалықов - Сергей Колденков (Ресей) - 2:3;

Диас Молжігітов - Альмир Мемич (Сербия) - 3:2;

Ерасыл Жәкпеков - Габриэль Веочич (Хорватия) - 1:4;

Данияр Рахымбердинов - Рамазан Дадаев (Ресей) - 0:5;

Олжас Боқаев - Владан Бабич (Сербия) - 0:4.

Басқа спорттық жаңалықтар