ХК "Барыс"
Бүгін "Барыс" қытайлық "Куньлуньмен" ойнайды

"Барыс" ХК
Бүгін, 10 қарашада "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында қытайлық "Куньлуньмен" матч өткізеді.
Астанадағы "Барыс Аренада" өтетін кездесу 19:30-де басталады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, онлайн-транслцияны телеарнаның ресми сайтынан да тамашалауға болады.
Айта кетейік, 22 қазанда "Барыс" сырт айданда "Куньлуньді" булиттар саны бойынша 3:2 есебімен ұтқан.