Гимнастика

Қазақстандық гимнастшы "Афродита" кубогінде алтын жеңіп алды

Қазақстандық гимнастшы
Ұлттық олимпиадалық комитет

Грекияның Афины қаласында көркем гимнастикадан дәстүрлі "Афродита" кубогі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған сында қазақстандық гимнастар сәтті өнер көрсетті. Милана Парфилова ұршық жаттығуында қола, лентамен жаттығуда күміс, Айбота Ертайқызы таспамен және ұршықпен жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Айботаның еншісінде доп жаттығуынан қола медаль бар. Ұлттық құрама мүшесі Эрика Жайлауова доп жаттығуы бойынша алтын жүлдегер атанды.

Айта кетелік, Қазақстан жасөспірімдер командасы топтық жаттығуда турнирдің екі медалін жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар