ХК "Барыс"
ҚХЛ-ге Қазақстаннан тағы бір клубты қабылдау ұсынылды
Allhockey.ru
Ресейлік белгілі бапкер Андрей Назаров ҚХЛ-ге Қазақстаннан тағы бір команданы қабылдау керегін айтты.
Қазіргі таңда Құрлықтық хоккей лигасында астаналық "Барыс" өнер көрсетуде. 29 матчте 23 ұпай жинаған команда Шығыс конференциясында 11-орында.
"Құрлықтық лиганы Шығыс пен Азияға қарай кеңейту керегін баяғыдан айтып жүрмін. Қазақстан мен Ресей президенттері арасындағы достыққа қараңыздар, Путин көршілерімізде ресми сапарда жүр. Ал спорт жағынан Қазақстан ҚХЛ-ге екінші команда қосуға әбден пісті. Онда қажетті инфрақұрылым бар: Алматыдағы үлкен мұз сарайына көз салыңыз. Мен Қазақстанда ұзақ жұмыс істедім. Онда хоккейді жақсы көреді", - дейді Назаров "Чемпионатқа".