Каратэ

Қазақстандық каратеші Antalya турнирінде алтын жеңіп алды

Қазақстандық каратеші Antalya турнирінде алтын жеңіп алды
Instagram/@moldir_zhangbyrbay

Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден Karate1 Premier League - Antalya турнирінде 50 келі салмақта Мөлдір Жаңбырбай алтын алды.

Халықаралық турнирде оның финалдағы қарсыласы - венесуэлалық Салазар Йоргелистің жарақат алып, жарысқа шықпай қалды. Осыған байланысты Мөлдір мерзімінен бұрын алтын жүлдені иеленді.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандасымыз италиялық Агус Азианы 6:2, Уикен Силия (Алжир) 6:4, португалиялық Родригес Катаринаны 3:1 есебімен жеңді. Ал Әсел Қанай қола жүлдегер атанды.

Басқа спорттық жаңалықтар