Футбол

Месси "Интер Майамидің" қоштасу кешіне қатысты

Месси
AFP

Аргентиналық форвард Лионель Месси "Интер Майамидің" келесі маусымда америкалық клубта ойнамайтын футболшылармен қоштасуға арналған кешкі асқа қатысты.


"Интер Майами" сапынан үш футболшы: Йозеф Мартинес, Джейк Лакава және Виктор Ульо кетеді.


10 қарашада Херардо Мартино жаттықтыратын команда "Нью-Йоркке" қарсы жолдастық кездесу өткізеді де, би биылғы маусымды жабады. Бұл ойынға Месси де қатысуы ықтимал, ал одан кейін ол Аргентина құрамасына қосылады. 


Айта кетейік, қазіргі әлем чемпионы 2026 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу аясында 16 қараша өз алаңында Уругваймен, ал 21 қараша сырт алаңда Бразилиямен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар