Теннис
Дмитрий Попко ITF санатында биыл бесінші турнирде жеңіске жетті
KTF
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Фейра-де-Сантанадағы (Бразилия) ITF M25 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші финалда америкалық Харрисон Адамсті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша, Попко биыл ITF жарыстарындағы бесінші титулын жеңіп алды.
Сондай-ақ ол осы жетістігінің арқасында дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде 250-орынға көтеріледі.