Теннис

Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің негізгі кезеңіне де жете алмады

Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің негізгі кезеңіне де жете алмады
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Мурсиядағы (Испания) турнирдің іріктеу кезеңінде ұтылды.

Қазақстандық теннисші грузиялық Николоз Басилашвилимен ойында екінші сетте 2:6, 0:2 есебімен кездесуден бас тартты.

Айта кетейік, бұл матчте Евсеев фаворит саналған еді, тіпті ол осы турнирдің бірінші ракеткасы ретінде тіркелген болатын. 

Негізгі кезеңнің жеребесі кейінірек тартылады.

Басқа спорттық жаңалықтар