Шорт-трек

Головкин Денис Никишаны Қазақстан үшін тарихи жүлдемен құттықтады

Головкин Денис Никишаны Қазақстан үшін тарихи жүлдемен құттықтады
ҚР ҰОК

Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Роттердамдағы (Нидерланд) әлем чемпионатындағы тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен Сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі. Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді одан әрі қуанта беруіңізге тілектеспін!», - Головкин.

Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы Денис Никиша күміс жүлде жеңіп алған болатын. Осылайша, Денис осы спорт түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық болып отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар