Таэквондо

Қазақстандық тағы бір таеквондошы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды

Қазақстандық тағы бір таеквондошы Олимпиадаға лицензия жеңіп алды
olympic.kz

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті.

58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров  Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен жеңді.

Осылайша, 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ.

Айта кетелік, іріктеу сынында Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді. Ал бұған дейін Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.  

Басқа спорттық жаңалықтар