Бокс
Ауыр салмақ тарихта мұндай нашар күйге түспеген - Уайлдер

FightTime
WBC ұйымының экс чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (43-2) суперауыр салмақ ешқашан қазіргідей зеріктірер күйде болмағанын айтады, деп хабарлайды "Спорт-Эксперсс".
"Суперауыр салмақ тарихта болмаған ең нашар күйге түскен. Мен боксқа азартты қайта алып келдім. Егер бұған келіспесеңіздер, онда неге бокс мен жоқта осынша жалқтырар күйде? Біз жекпе-жекте қаңтар ортасына жоспарлауға тырысып жатырмыз. 2024 жыл тамаша болады. Мен тағыма қайта оралуым уақыт еншісіндегі дүние ғана", - дейді Уайлдер Blue Blood Sports TV арнасына.
Бүған дейін Уайлдер және WBA, IBF және WBO ұйымдарының экс чемпионы Энтони Джошуа (26-3) 2024 жылдың басында айқас өткізуі мүмкін екені хабарланған.