ММА

Дағыстанда ауыл атауы Хабибтің әкесінің құрметіне өзгертілетін болды

Дағыстанда ауыл атауы Хабибтің әкесінің құрметіне өзгертілетін болды
"СЭ"

Дағыстанда Кироваул аталып келген елді мекенге Абдулманап Нурмагомедовтың аты берілетін болды, деп хабарлайды sports.ru.


Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин осындай шешімге қол қойған екен.


Кизилюрт ауданындағы Киров ауылы енді UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың марқұм болған әкесінің құрметіне Манапкала деп аталатын болды. 


Абдулманап Нурмагомедов 1962 жылы Сильди ауылында дүниеге келіп, кейін Кироваулға көшкен екен. 2020 жылы жазда ол 58 жасында коронавирустан көз жұмған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар