Бокс

Айтжанов лицензтиялық турнирде Мұхамедсабыр Базарбайұлына не жетіспегенін айтты

Айтжанов лицензтиялық турнирде Мұхамедсабыр Базарбайұлына не жетіспегенін айтты
olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен Олимпиадаға іріктеу турнирінде лицензияға қол жеткізе аламаған Мұхамедсабыр Базарбайұлына қатысты ойын айтты. 

"63,5 келіде сынға түскен Мұхаммедсабыр Базарбайұлына тек қана тәжірибе жетіспеді. Тәжірибенің аздығынан ғана ұтылды. Ал ынтасы, күш-жігері, жеңіске деген құштарлығы зор болды деп сеніммен айтамын. Асығыстық танытқан жерлері бар. Аталған жекпе-жекте қалайда жеңіске жетемін деген оймен, қателікке бой алдырғаны да рас. Бірақ сол кездесуде біздің боксшы жеңілді дей алмаймын. Жеңіс бұйырмай тұр екен. Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге бұл салмақтан кім баратыны белгісіз. Әлі де іріктейміз. Ең мықтысын ғана жарысқа қосамыз", - деп еберді бапкердің сөзін Olympic.kz.

Басқа спорттық жаңалықтар