Әлімханұлының келесі қарсыласы британиялық нокаутшы болуы мүмкін
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін британиялық Хамза Ширазбен (19-0, 15 КО) өткізуі ықтимал.
Queensberry промоутерлік компаниясы осы жекпе-жекті ұйымдастыруға кіріспек.
"Queensberry Promotions Ширазды орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығармақ. Жеңіске жеткен жағдайда Шираз орта салмақ патшасына айналады, өз кезегінде бұл оған табысты айқастарға жол ашады", - деп жазыпты бокс туралы испан тіліндегі Boxing Studs Noticias Twitter-аккаунты.
Boxing Studs Noticias.
Олар Эр-Риядтағы бокс кешінде кездесіп, алғаш рет көз арбасты.
Айта кетейік, Хамза Шираз – орта салмақтағы WBO рейтингінде көш бастап тұр және титулға негізгі үміткердің бірі. Жәнібек Әлімханұлы белбеуді 2022 жылдан бері иеленіп келеді.
Janibek Alimkhanuly vs Hamzah Sheeraz 🥊
— Queensberry Promotions (@Queensberry) March 9, 2024
We are ready to make it happen 😤 pic.twitter.com/bmekotsne6