Бокс

Бас бапкер Головкин лицензиялық турнирде боксшыларымызға қалай әсер еткенін айтты

Бас бапкер Головкин лицензиялық турнирде боксшыларымызға қалай әсер еткенін айтты
ҚР ҰОК

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннадий Головкиннің Италияда өткен лицензиялық турнирдегі жетістікке қалай әсер еткені жайлы ойын айтты, деп жазады Olympic.kz

"ҰОК президенті Геннадий Головкиннің арнайы келіп, жарыс соңына дейін жігіттерге қолдау көрсеткені де ерекше әсер етті. Головкин бокс әлеміндегі даңқты тұлғалардың бірі әрі Қазақстаннан шыққан жұлдызды спортшы. Сондықтан, ҰОК басшысының командаға жігер беріп, әр боксшыға ақыл-кеңесін айтқаны үлкен демеу болды. Біздің жігіттерді оятты десем, артық емес. Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліпке де алғысымыз шексіз. Жарыс басталғаннан ең соңына дейін жанымыздан табылып, қолдау білдірді", - дейді Айтжанов.

Басқа спорттық жаңалықтар