УЕФА Ұлттар Лигасы

Бүгін Аустрия мен Қазақстан ойнайды

Бүгін Аустрия мен Қазақстан ойнайды
ҚФФ

Бүгін, 14 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриямен кездеседі. Ұлттар лигасының 5-турындағы бұл ойын Алматыда өтеді.

Ойын Қазақстандағы уақытпен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетілім таратады.

Аустрия ойындағы айқын фаворит саналып отыр. Олар Алматыға бүгін жетті. 7 сағаттық сапардан кейін ұзақ жаттығу жасауды жоспарламаған. Қысқа жаттығу жасап, кешке ойынға бір-ақ шықпақ.

Ұлттар лигасының В дивизионындағы 3-топта Қазақстан 4 ойыннан 1 ұпай жинады. Ал 7 ұпай жинаған Норвегия, Словения мен Аустрия құрамалары бірінші орынға таласып тұр. Қазақстан құрамасы Аустриямен топтағы екінші ойынын өткізеді. Линцте өткен бірінші матчта қарсыластары 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық футболшылар Аустрия қақпасына бұған дейін өткізген ойындарында гол соқпаған. Станислав Черчесов шәкірттері Аустриямен өтетін ойыннан кейін 17 қарашада Норвегиямен ойнайды. Бұл ойын Ослода өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар