Футбол

Қазақстан жолдастық матчте Түркменстан құрамасын ұтты

Қазақстан жолдастық матчте Түркменстан құрамасын ұтты
Sports.kz

Дубай қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясында Қазақстан мен Түрікменстан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды.

Жабық түрде өткен бақылау ойыны Магомед Адиев шәкірттерінің жеңісімен аяқталды.

Ойынның 2-минутында Ислам Чесноков Максим Самородовтың пасынан кейін есепті ашты. Бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін 47-минутта Александр Зуев алыстан тоғыздықты көздеп, есепті еселеді.

Айта кетейік, екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтті және ойынның хаттамасы мен шолуы болмайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар