Футбол

"Елімай" бірнеше футболшымен келісімшартын ұзартты

KazFootball.kz

Семейлік "Елімай" футбол клубы бірқатар ойыншымен келісімшартты ұзартты. Олардың қатарында Денис Кавлинов, Берік Айтбаев, Сұлтан Әбілғазы, Дмитрий Шмидт және команда капитаны Еркебұлан Нұрғалиев бар. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.


Семейлік команда Алматыда селекциялық жиын өткізбек, онда бас бапкер Андрей Карпович өткен маусымдағы өзге футболшылар мен бірнеше жаңа ойыншыны сынап көрмек. 


Еске салайық, "Елімай" 2023 жылғы маусымда бірінші лигада жеңімпаз атанып, жоғары дивизионға жолдама жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар