Футбол

Қазақастандық бапкердің командасы еуропалық чемпионатта бірінші орынға шықты

Қазақастандық бапкердің командасы еуропалық чемпионатта бірінші орынға шықты
"Судува" ФК

Қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жаттықтыратын вильнюстік «Жальгирис» футболдан Литва чемпионатының үшінші турында «Банганы» ұтты. 

Гаргждай қаласындағы аттас стадионда өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар қатарында Ливиу Антал (22-минут), Адама Фофана (31-минут), Гидриус ​​Матулевичиус (60-минут) және Армин Ходжич (67-минут) мергендік танытты. Алаң иелерінің жалғыз голын Вилиус Пилукайтис (37-минутта) соқты.

Осы жеңістің арқасында «Жальгирис» жеті ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орыннан бірінші орынға көтерілді.

Басқа спорттық жаңалықтар