Таэквондо

Таеквондодан лицензиялық турниге Қазақстан атынан кімдер баратыны белгілі

Таеквондодан лицензиялық турниге Қазақстан атынан кімдер баратыны белгілі
olympic.kz. Сали Сабиров©

15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Парижге жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп жазады Olympic.kz.

Құрлық додасында 33 елден келген жалпы есебі 96 спортшы қатысады. Қазақстан бұл додаға төрт спортшыны қосып отыр.

Олар:

- Батырхан Төлеуғали (80 келі) - жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы;

- Самирхон Абабакиров (58 келі) - Қазақстан командасының мүшесі;

- Мария Севостьянова (57 келі) - Спартакиада жеңімпазы;

- Жансел Дениз (+67 келі) - Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері. 

Тайаньдағы турнирде әр салмақта финалға шыққан спортшыларға лицензия беріледі.

Басқа спорттық жаңалықтар