Бокс

Азиялық бокс конфедерациясы Шымбергеновті әлемдегі ең мықты боксшының бірі деп атады

Азиялық бокс конфедерациясы Шымбергеновті әлемдегі ең мықты боксшының бірі деп атады
instagram.com/aslanbekshymbergenov93

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирдегі қазақстандық боксшылардың өнерін атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша бес қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасына жолдама иеленді: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұт Сабырхан (57 келіге дейін), Асыланбек Шымбергенов (71 келі) Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі).

Олардың төртеуі әлем чемпионы (Айбек - Азия чемпионы).

ASBC Қазақстан құрамасы капитанын ерекше атап өтті: "Шымбергенов әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдеді", - делінген жазбада.

Басқа спорттық жаңалықтар