Теннис
Билли Джин Кинг Кубогінде Кореямен ойнайтын құрам іріктелді

ҚТФ
Қазақстанның әйелдер теннис құрамасы 16-17 қараша күндері Астанада өтетін Билли Джин Кинг Кубогінің плей-офф матчында Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.
Оңтүстік Корея командасының құрамына Да Ён Бак (WTA рейтингі 331), Со Хен Пак (WTA 257, жұптық сын), Ку Ён Ву (WTA 417) және Ким Дабин (WTA 331) кірді.
Қазақстан командасының бапкері Юрий Щукин матчқа Елена Рыбакинаны, Зарина Диясты, Юлия Путинцеваны, Анна Данилинаны және Жібек Құламбаеваны таңдады.