Теннис

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирді жеңіспен бастады
ktf.kz

Әлемдік рейтингте 238-орында тұрған қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шампейндегі (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингіде 514-орында тұрған ұлыбританиялық, 18 жастағы Генри Сирлмен өткізді.

Бірінші партия 6:3 есебімен Бейбіттің пайдасына аяқталды. Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Жұқаев басым болды – 7:6 (7:4). Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында ол 5 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тек біреуін пайдаланды. Сирл 6 эйспен ғана шектелді.

Бейбіт Жұқаевтың 1/8 финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Басқа спорттық жаңалықтар