Футбол
"Қайрат" төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды
"Қайрат" ФК
Футболдан Қазақстан премьер-лигасы аяқталды. Соңғы турда "Атырауды" ұтқан "Қайрат" чемпион атанды.
"Атырауға" қарсы ойында "Қайратқа" жеңіс сыйлаған голды 59-минутта Георги Зариа пенальтиден соқты. Сондай-ақ алаң иелері сапынан Никита Степанов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Алматылық команда өз тарихында 4-ші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін 1992, 2004 және 2020 жылы топ жарған еді.
"Астана" күміс жүлдегер атанса, "Ақтөбе" үздік үштікті түйіндеді. Биылғы маусым қорытындысы бойынша Қарағандының "Шахтер" командасы Бірінші лигаға түсіп қалды. Келер маусымда "Оқжетпес" пен "Ұлытау" ҚПЛ-де ойнайды.