Бокс

Головкин Олимпиадаға іріктеудегі қазақ боксшылардың жеңісін атап өтті

Головкин Олимпиадаға іріктеудегі қазақ боксшылардың жеңісін атап өтті
olympic.kz

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннадий Головкин қазақстандық боксшылардың Италиядағы лицензиялық турнирде сәтті өнер көрсетіп жатқанына пікір білдірді.

Бұл турнирде қазақстандық боксшылар бес лицензия жеңіп алды. Жарыстың ширек финалында жеңіске жеткендер: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұт Сабырхан (57 кг), Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Айбек Оралбай (92 кг).

Головкин әлеуметтік желіде боксшылармен суретін жариялап, былай деп жазыпты: "Біздің жігіттер".

Басқа спорттық жаңалықтар