Бокс

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды
Olamsport.com

Бокстан Өзбекстан құрамасындағы қазақ Руслан Абдуллаев 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы лицензиялық турнирдің 1/4 финалында 63,5 келіде өнер көрсететін Абудллаев сербиялық Алексей Сендрикті 3:1 есебімен жеңді. Жекпе-жек кезінде төреші өзбекстандық боксшыдан бір ұпай алып тастады.

Осылайша, Руслан Өзбекстан құрамасы қоржынына бесінші жолдаманы салды.

Басқа спорттық жаңалықтар