Бокс
Қазақстандық бұрымды боксшылардың ешқайсы Олимпиадаға лицензия ала алмады
ҚБФ
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова ширек финалдан аса алмады.
Лицензия үшін айқаста Алуа германиялық Макси Карина Клоетзермен жұдырықтасып, 2:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирге қазақстандық бес бұрымды боксшы өнер көрсетті. Өкінішке қарай қарай бесеуі де жолдамаға қол жеткізе алмады.