Теннис

Бублик Индиан-Уэллстегі турнирдің жарыс жолынан шығып қалды

Бублик Индиан-Уэллстегі турнирдің жарыс жолынан шығып қалды
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Индиан-Уэллсте өтіп жатқан «Мастерс» турнирінде 1/16 финалдан аса алмады.

1/8 финалға жолдама үшін матчте Бублик аустралиялық Алекс де Минаурмен бір сағат 28 минут ойнап, екі сетте 5;7, 0;6 есебімен ұтылды.

Минаур енді келесі кезеңде германиялық Александр Зверев және голландиялық Таллон Грикспор кездесуіінң жеңімпазымен ойнайды, ал Бублик жарыс жолын аяқтады. 

Басқа спорттық жаңалықтар