Теннис

Путинцева АҚШ-тағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды

Путинцева АҚШ-тағы турнирде әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті.

Үшінші айналфмда қазақстандық теннисші бір сағат 22 минутқа созылған матчте америкалық Мэдисон Кизді 6:4, 6:1 есебімен ұтты. 

Енді Путинцева ширек финалға жолдама үшін әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентекпен таласады. Бұл Путинцеваның польшалық теннисшімен үшінші кездесу іболады, оған дейінгі екі ойында да Швентек басым болды. 

Басқа спорттық жаңалықтар