Шаңғы Спорты

Алматыдағы фристайл-могулдан әлем кубогінде қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алмады

Алматыдағы фристайл-могулдан әлем кубогінде қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алмады
olympic.kz

Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогінде финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.

Әйелдер арасында Юлия Галышева 68.58 ұпаймен бесінші орын алды. Бірінші орынды аустралиялық Энтони Джакара 82.74 ұпаймен жеңіп алды.

Ерлер арасында Павел Колмаков 72.53 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери 84.89 ұпаймен топ жарды.

9 наурыз күні параллельді могулдан жарыс өтеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар