Бокс

Қазақстан құрамасының капитаны лицензиялық турнирдің ширек финалында айқасады

Қазақстан құрамасының капитаны лицензиялық турнирдің ширек финалында айқасады
instagram.com/boxingkazakhstan

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Олимпиадаға іріктеу турнирінің 1/8 финалында жекпе-жек өткізді.

71 келі салмақта Шымбергенов түркменстандық Байрамдурды Нурмухаммедовпен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте Асылан төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2.

Осылайша, қазақстандық боксшы жарыстың ширек финалына өтті. Ал бұл кезеңнен бастап Олимпиада лицензиясы ойнатылатынын айта кетейік.

Басқа спорттық жаңалықтар