Еркін күрес

Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде қола жеңіп алды

Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде қола жеңіп алды
kazsports.kz

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақта күресіп, жартылай финалда қарсыласқа есе жіберді. 

Бұл Ризабектің Олимпиада бағдарламасына кіретін салмақта сынға түскен алғашқы халықаралық жарысы. Осыған дейін ол жыл басында 97 кг дейінгі салмақта Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.

97 кг: 1.Ахмед Тажудинов (Бахрейн)

2.Джонатан Леонард (АҚШ)

3.Раду Лефтер (Молдова)

3.Ризабек Айтмұхан (Қазақстан).


Басқа спорттық жаңалықтар