Бокс

Сәкен Бибосынов Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақ боксшымен жұдырықтасты

Сәкен Бибосынов Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақ боксшымен жұдырықтасты
instagram.com/sakenbibosinov

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италиядағы лицензиялық турнирде 1/8 финал кезеңіндегі жекпе-жегін өткізді.

51 келіде өнер көрсететін Сәкеннің қарсыласы Бахрейн атынан өнер көрсетіп жүрген Азат Махметов болды. Бұл жекпе-жекте Бибосынов төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті (4:1).

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұл турнирде бұған дейін Там Чунь Хинь Каннет (Гонконг) пен Дэвид Каранджу Мачариді (Кения) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар