ММА

Асу Алмабаев UFC-дегі екінші айқасында жеңіске жетті

Асу Алмабаев UFC-дегі екінші айқасында жеңіске жетті
UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (19-2) Майамиде өткен UFC 299 турнирінде сәтті жекпе-жек өткізді. Ол америкалық Си Джей Вергераны (12-5-1) жеңді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Асу қарсыласына мықтылығын мойындатып, шеберлігі байқатты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен 30:27, 30:27, 30:27 есебімен жеңіске жетті.  

30 жастағы қазақстандық спортшы UFC-гі екінші кездесуін өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтады. Бұған дейін Асу Оди Осборнды (12,6,-1) қылқындыру әдісімен жеңіп шыққан болатын. 


Басқа спорттық жаңалықтар