Бокс
Ауыр салмақтағы нокаутшы енді өзін аралас жекпе-жекте сынамақ

Global Look Press
Ауыр салмақта WBC чемпионы болған америкалық боксшы Деонтей Уайлдер UFC-де жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы инсайдер Майкл Бенсон өзінің твиттер желісінде жазды.
"Мен бокс қана емес, аралас жекпе-жекте де өнер көрсетуді жоспарлап отырмын. Анандай кішкентай қолғаптармен мен өте қауіпті адам боламын.
Менің жоспарым - келесі қарсыласымды ұстап алып, оны жерге құлатып, үстіне шығып алып әбден сабау", - дейді Уайлдер.