Футбол

Анчелотти Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

Анчелотти Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
FootballHD

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лигасындағы маман ретіндегі жеңіс саны бойынша абсолют рекорд орнатты. 


Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында мадридтік клуб португалиялық "Браганы" ұтты (3:0). Анчелотти бас бапкер ретінде 116-шы матчте жеңіске жетіпті. 


Осылайша, италиялық маман турнир тарихында жеңіске жеткен матчтер саны бойынша жаңа рекорд орнатты да, Алекс Фергюсоннан асып түсті. 

Басқа спорттық жаңалықтар