Футбол

Холанд Чемпиондар лигасындағы жетістігімен Мессиден асып түсті

Холанд Чемпиондар лигасындағы жетістігімен Мессиден асып түсті
instagram.com/erling.haaland

Англиялық "Манчестер Сити" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында 3:0 есебімен швейцариялық "Янг Бойзды" ұтты, деп жазады Eurofootball.


Бұл кездесуде екі голды Эрлинг Холанд салды. Осылайша, норвегиялық шабуылшы 24 жасына дейін Чемпиондар лигасында 39 гол соғып отыр. Бұл жетістік арқасында Холанд аргентиналық Лионель Мессиден асып түсті. Қазіргі таңда Мессидің есебінде 37 гол. Ал ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе норвегиялықтан бір гол кем салып отыр екен. 

Басқа спорттық жаңалықтар