Бокс

Бибосынов келесі жекпе-жегінде қазақ боксшымен жұдырықтасады

Бибосынов келесі жекпе-жегінде қазақ боксшымен жұдырықтасады
olympic.kz

Қазақстандық Сәкен Бибосыновтың Олимпиада жолдамасы ойнатылатын Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі келесі қарсыласы белгілі.

Жарыстың 1/4 финалына жолдама үшін 51 келіде Бибосынов қазіргі таңда Бахрейн атынан жұдырықтасып жүрген өзге қазақ Азамат Махметовпен айқасады. Бұл кездесу 10 наурызға белгіленген.

Айта кетейік, бұл турнирде Сәкен осыған дейін екі боксшыны Там Чунь Хинь Каннет (Гонконг) пен Дэвид Каранджу Мачариді (Кения) жарыс жолынан шығарды.

Басқа спорттық жаңалықтар