Бокс

Бүгін лицензиялық турнирде 5 қазақстандық боксшы рингке шығады

Бүгін лицензиялық турнирде 5 қазақстандық боксшы рингке шығады
ҚБФ

Бүгін Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында 5 боксшымыз шаршы алаңға шығады. 

Олимпиадаға іріктеу турнирі 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

7 наурыз, әйелдер:

54 кг. 1/16 финал. 15:15 Жайна Шекербекова (Қазақстан) — Шукура Карим (Нигерия)

60 кг. Ширек финал. 17:30 Римма Волосенко (Қазақстан) — Мирослава Единакова (Словакия)

Ерлер:

63,5 кг. 1/16 финал. 01:00 Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) — Радослав Росенов (Болгария)
71 кг. 1/16 финал. 01:30 Асыланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Дамиан Дуркач (Польша) 

92 кг. 1/16 финал. 03:15 Айбек Оралбай (Қазақстан) — Юнг Ха Ныль (Оңтүстік Корея).

Айта кетейік, қазіргі таңда боксшылар арасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова да ғана Олимпиада жолдамасы бар.  

Басқа спорттық жаңалықтар