Бокс

Иман Хелифке қатысты дау қайтадан ушықты

Иман Хелифке қатысты дау қайтадан ушықты
Offside.kz

Британиялық журналист Пирс Морган және белгілі чехиялық теннисші Мартина Навратилова алжирлік боксшы Иман Хелифтің медициналық сараптама қорытындысына қатысты пікір білдірді.

Морган әлеуметтік желіде былай деп жазыпты:

"Біздің бұған дейінгі айтқанымызға Хелифтің биологиялық тұрғыда ер адам екені қолдау болды. Алтын жүлдені одан алып, әйел адамға беру керек. ХОК-тың трансгендерлерге табынуы әйелдер спортын өлтіруі мүмкін".

Ал Навратилова өз ойын былай білдіріпті:

"Бірнеше ай бойы айтып келгеніміз осы. Ол адамды ер дегеніміз үшін бізді күнәһәр етті, әсіресе, ол еркек алтынды тартып алған әйелдердің өзі. Бұл сұмдық".


Басқа спорттық жаңалықтар