Футбол

"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасы қарымта матчінде "Копенгагенді" ұтты

Reuters

"Манчестер Сити" футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчіндеДанияның "Копенгагенін" ұтты. 

"Манчестер Ситидің" өз алаңынад өткен матч 3:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапынан 5-минутта Мануэль Аканджи, төрт минут өте Хулиан Альварес гол салды. Ал Эрлинг Холанд 45-минутта матч есебіне нүкте қойды. 

Даниялықтардан Мохамед Эльюнусси командасы үшін жалғыз голды 29-минутта салды.

Бірінші кездесуде де "МанСити" тура осындай есеппен жеңіске жеткен еді. Осылайша, екі ойын қорытындысы бойынша англиялық клуб турнирдің келесі кезеңіне өтті. 

Басқа спорттық жаңалықтар